«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар, семинар сабақтары ұйымдастырылып өткізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында мақалалар жариялануда. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (facebook, Instagram) мақалалар үнемі жарияланады. Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, этикалық кодекстің талаптарын бұзушылықтары анықталған жағдайда хабарласу үшін жүйелі түрде «Сенім телефоны» БАҚ арқылы жарияланып тұрады.
Айман Станбекова, Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.