Әлеумет Біле жүріңіз

ТҰЗ ШАХТАСЫ СТРЕССТЕН АРЫЛТАДЫ


Түлкібас аудандық орталық ауруханасының ішкі ағза аурулары (терапия) бөлімінде жалпы 42 төсек-орын бар. Оның ішінде, күндізгі бөлімде науқастарды қабылдайтын 10 орын арнайы жабдықталған.
Бұл бөлімге Меруерт Бақытқызы басшылық етеді. Дәрігер өз ісінің шебері. Айта кетерлігі, М.Бақытқызы реаблитолог-дәрігер мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.


Терапия бөлімі соңғы жылдары медициналық озық қондырғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінде бөлімде 18 дана кислород концентратор, тұзды шахта жұмыс жасайды. Әсіресе, науқастар үшін тұзды шахтамен емдеу жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Науқас алдымен толық тексеруден өтіп, дәрігер нұсқауымен шешімімен 5-10 күн тұзды шахтада ем қабылдайды. Атап өтерлігі, бронх демікпесі, бронхит, пневмония, ЛОР-патологиясы (аллергиялық ринит, синуситтер, гаймориттер, аденоидтар, фарингиттер, тонзиллиттер), аллергия, тері аурулары (псориаз, экзема), орталық жүйке жүйесі секілді ауруларды емдеуге және алдын алуға тұзды шахта септігін тигізіп жатыр.
Тұзды шахтадағы ем қабылдау пайдалы микроэлементтерге бай ауаны жұту жолымен жүзеге асырылады. Ең бастысы, ағзадағы зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Сонымен қатар, ағзадан жедел түрде улы заттар шығып, олар тұздың табиғи теріс иондарымен алмасуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ, тұзды шахта адамның стрестен арылуға, созылмалы шаршау синдромын емдеу кезінде, невроз, ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттырып, ұйқыны жақсартуға көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары ауруларына да тигізер пайдасы зор.
-Бронх демікпесімен бірнеше жылдан бері есепте тұрамын. Учаскелік дәрігер үнемі бақылауда ұстап, дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдануыма кеңес айтады. Бұрын-соңды тұз шахтасына емделу үшін ауданнан шалғай жатқан аймақтарға баратын едім. Бүгінде бұл мәселе өз шешімін тапты. Түлкібас аудандық орталық ауруханасынан тұз шахтасымен емдеу шарасы ұйымдастырылып, басқа жаққа бармай-ақ, жергілікті жерде ем алуымызға жағдай жасалды.
Айта кетерлігі, пандемия кезінде жұмыстағы штат саны қысқарып, босап қалған едім. Құры қол отырмастан қолдан келер кәсіппен айналысып табыс таптым.


Учаскелік дәрігер МӘМС жүйесіндегі көмектерді алу үшін әрбір адамда 12 айда толық төлемнің қажеттігі жөнінде кеңес берді. Ол үшін мен сияқты өзің – өзі жұмыспен қамтыған адам БЖТ төлемін 3 айға алдын ала төлесе, үшінші айдын ала төлесе, үшінші айдың соңында сақтандыру мәртебесіне ие болады екен.
Яғни, ауыл тұрғыны ретінде 1725 теңгеден қаңтар, ақпан және наурыз айларына жеке-жек төлем жасадым. Учаскелік дәрігер төленген төлемдердің толығымен түсіп, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне ие болдым. Енді келесі айдан бастап дәрігер жолдамасымен ауруханада жоспарлы емді аламын.
Дер кезінде кеңестерін беріп, көмек қолын созудан аянбайтын дәрігерлерге деген алғысым шексіз. Еткен еңбек еселеп жемісін берсін – дейді, дәрігерге деген ризашылығын жасырмаған науқас.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *