Өмірдің өзі

Тұмаудан абайлаңыз

Тұмау ауруы жедел басталып, 3-5 күн бойы жоғары дене қызуының көтерілуімен, жалпы жағдайының нашарлауымен, интоксикация белгілерімен (бас ауруы, бұлшықетінің ауырсынуы) өтетін жұқпалы ауру. Тұмаудың асқынуынан пневмония туындап, орталық жүйке-жүйесінің, жүрек-қантамыр жүйесінің, есту ағзаларының т.б. зақымдануымен жүреді. Дамыған мемлекеттерде  жыл сайын тұмаудың салдарынан, оның асқынуларынан 30-40 мың адам көз жұмады.

Тұмаудың және жедел респираторлы инфекциялардың әлеуметтік-экономикалық маңызы да жоғары. Себебі, инфекцияның өзіне, сонымен қатар олардың асқынуларына және созылмалы аурулардың өршуінен кететін еміне жұмсалатын шығындары үлкен. Жұмысшылардың жұмысқа қабілетсіздігінен, я болмаса балаларының ауырып қалуынан жұмыс орындарында болмауы да аз емес шығындарды құрайды. 

Тұмаудың профилактикасы мен асқынуларының алдын алу жолдарының бір тәсілі – ол вакцинация. Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы профилактикалық егулер «Профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес ең алдымен қауіпті топқа жататын адамдарға жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

Жыл сайын қалалық жергілікті бюджет қаражатынан қаржы бөлініп тұмауға қарсы вакцинасы алынып, қала халқының қауіп топтары жыл сайын тегін егіледі. Соның ішінде медицина қызметкерлері, 2-ші және 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы өкпе, жүрек қан тамырлары, бүйрек, бауыр және иммундық жетіспеушілік ауруларымен ауыратын ересектер мен балалар, әлсіз жиі ауыратын балалар, жабық (балалар үйі, мүгедек балалар интернаттары, қарттар үйі және т.б.) мекемедегілер вакцинациямен қамтылады, өйткені эпидемия болған жағдайда олар бірінші ауырып, басқаларға жұқпа көзі болуы да ықтимал.

 Тұмауға қарсы вакцина бірінші кезекте тұмау дертінен сақтайды. Дегенмен ол вакцина қосымша иммундымодулдық қасиеті бар. Осыған орай, егілген 100 адамның 20-25-де иммундық жүйесі басқада респираторлы вирустарданда қорғауға дайын болады.  

      Тұмауға қарсы вакцинация қауіп топтарына жергілікті емханаларда тегін түрде жүргізіледі. Қалған ересек еңбекке қабілетті тұрғындар ақылы немесе жұмыс беруші есебінен егу ала алады.

Құрметті жұмыс беруші, жоғарыдағы мәліметте көрсетілген негізінде, тұмау вакцинасының жедел респираторлы инфекциясының аурушаңдығының төмендеуіне әсерін тигізгендігін ескере отырып, өзіңіздің қарамағыңыздағы жұмысшыларыңызды тұмау дертінен, оның асқынуларынан, созылмалы аурулардың өршуі және жұмысқа қабілетсіздігінен сақтау үшін жұмысшыларыңызды жұмыс беруші есебінен вакцинация жасауды қарастыруыңызды сұраймын.

Тұмауға қарсы вакцинацияны 2023 жылдың 13 қыркүйектен бастап 15 қарашасына дейін немесе жалпы қараша айының соңына дейін жасалуы тиіс, өйткені алғашқы тұмау жағдайының тіркелуіне дейін, вакцинациядан кейін иммунитет пайда болуына 2-3 апта қажет етіледі.

Егу сұрақтары бойынша Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны 8-725-2-35-01-46  

Өз өміріңізді және жақындарыңыз бен  жұмысшыларыңыздың денсаулығын  сақтап қалыңыздар!!!


А.Исабекова, Әл-Фараби ауданының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы                              

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *