Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы балалар мен жасөспірімдер арасында тамақтан улану жағдайларының алдын алу мақсатында балаларға ыстық тамақ ұйымдастыру кезінде заңды және жеке тұлғалар балаларды қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз ету жөнінде төмендегі ережелерді ұсынады:
- тиым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді;
- тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;
- шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды, өйткені дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін;
- қолды жиі жуу және жеке бас гигиенасын сақтау;
- барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау, оның ішінде ыдыс-аяқ пен едендерді зарарсыздандыруды қолдана отырып, пайдаланылатын мүкәммалды уақтылы ауыстырып отыру қажет. Тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, төмендегі өнімдерден уланудың ықтимал қаупі бар:
- сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ);
- жұмыртқа;
- балық өнімдері және теңіз өнімдері;
- ет;
- крем қосылған кондитерлік өнімдер;
- дайын салаттар;
- фаст фуд;
- консервіленген өнімдер (әсіресе үйде жасалған).
Тамақтан уланудың белгілері: - жүрек айну;
- қатты құсу;
- асқазанның бұзылуы;
- диарея (күніне бірнеше ретке дейін). Тамақтан уланған кезде бірден емдеуге көшу керек, өйткені мұндай жағдайды назардан тыс қалдыру түрлі асқынуларға алып келеді.Тамақтан улану кезінде дереу дәрігерге қаралу қажет!
К.Адырбаева, Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.