Әлеумет Біле жүріңіз

Тамақтан уланғанда не істеу керек?

Тамақтанғаннан кейін Сізде жүрегіңіздің айнып, құсып, басыңыз айналған  сияқты және асқазаныңыздың бірденнен ауырсыну белгілері болған ба еді?  Мүмкін бұл – тамақтан уланғаныңыздың белгісі болар? Негізінен тамақтан  уланған жағдайда адам бірнеше күннің ішінде  ауруынан тез айығуы да, ал кей жағдайда өкінішке орай ұзаққа созылуы да мүмкін.

Тамақтан улану дегеніміз —   микробтармен және оның токсиндерімен яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан,  жедел пайда болатын аурушаңдық.   

         Тағамнан уланудың жалпы белгілері:

  • аурудың тез арада жедел түрде басталуы;
  • бір мезетте бірнеше адамның ауруы;
  • тамақтан уланудың негізгі ерекшелігі аурушаңдықтың жедел басталып, тез жазылуы;
  • аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы;
  • сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы;
  • басқа жұқпалы аурулардан ерекшелігі,  ауру адамнан сау адамға жұқпайды.

          Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді. Тамақтан улану жағдайы —  тағамның дайындалуы, сақталуы, тасмалдануы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустар мен  немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитарлық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.

Тамақтан уланудың алғашқы  белгілері:

  • асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну;
  • дене қызуының жоғарылауы;
  • тамақтан уланудың клиникалық көрінісі — уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеніне байланысты;
  • тамақтан уланудың ең алғашқы белгілері зақымданған тамақты жегеннен кейін 30минуттан соң басталады.

          Тамақтан уланудың ең алғашқы белгілері білінген  кезде балалар, ересектер және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс. Егер ауру ұзақ уақыт ауруынан арылмай,  құсу, организмнің сусыздануы, нәжісінде қанның болуы және өткір ішек ауруы сияқты белгілері сақталған жағдайда міндетті түрде дәрігерлікке көмекке жүгінген дұрыс.  Сәбилердің организмдері тез сусыздануға бейім болғандықтан, ешбір кедергісіз емделу қажет.

Алдын-алу.

  • Тамақтанар алдында қолды жуу;

Термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді ағынды  сумен  жуу;Тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;

Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;

Кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу;

Егер тағамның түрі, түсі, иісі және тағы басқа белгілері күмән тудыратын болса – бұндай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;

Тамақ өнімдерін олардың жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтау,

Ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет;

Үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау, пайдаланар алдында термиялық өңдеуден 15-20 минут өткізу.

М.Асқарова, Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы.

One Reply to “Тамақтан уланғанда не істеу керек?

  1. Осындай мамандарымыз көбірақ болса дәрігерге бармай-ақ емдер едік денсаулығымызды.ауырып дәрігерге барсаң ауыруыңды ұмытып кетесің емнің ақшасын айтқанда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *