Біле жүріңіз

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру – білімді маман қалыптастыру


«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы «Білім берудегі менеджмент» тақырыбы бойынша педагогтердің біліктілігін көтеруге арналған арнайы курс ұйыдастыруда. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Д.Қонаев атындағы мектепте қыркүйектің 25-інде басталған бұл курсқа қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары қатысуда. Оқу бағдарламасы қазанның 6-сына дейін жалғасады.

Топта 24 тыңдаушы бар. Бәрі де мектеп директоры, директордың орынбасары. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының кафедра меңгерушісі,  ф.ғ.к, доцент Рахимжанова Гульфазира Козыбаевна кураторлық ететін топтың оқу бағдарламасы барысындағы жаңшылдықты меңгеруі қарқынды.

Негізі бұл бағдарламаның өзектілігі сонда – білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруда «ББҰ басшыларын аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары» қолданысқа енгізілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Басқару қызметіндегі стратегиялық өзгерістерді ескере отырып, менеджмент негіздері бойынша білім мен дағдыларын игерту бойынша жоғары талаптар қояды.

«Білім берудегі Менеджмент» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) басшылардың ұлттық біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама менеджменттің тұжырымдамалық негіздерін, цифрлық, симуляциялық және QR технологияларын, сондай-ақ, Блейк-Моутонның басқару торын қолдана отырып басқарудың заманауи дағдыларын меңгертуді көздейді.

Орайы келгенде айта кету керек, гибридті басқару жүйесі – бұл екі немесе одан да көп басқа әдістерді араластырудан алынған басқару жүйесі.

Инклюзивті білім беру – этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау үдерісі.

Ұстаздар үшін бүгінгі қоғамда Кибербуллинг түсінігі жайлы да жан-жақты білу маңызды рөл атрақады. Бұл жәбірленушіге электронды байланыс құралдары, атап айтқанда әлеуметтік медиа хабарламалары, жедел хабарламалар, электрондық пошталар және SMS арқылы жасалған қорлау, қорлау немесе қорқыту.

Бұл орайда бүгінгі педагог Киберқауіпсіздік – интернетке қосылған жүйелерді (аппараттық, бағдарламалық жасақтама және деректер) киберқауіптерден қорғау әдістерін де меңгергені абзал.

Көшбасшылық дағдылар – бұл табысқа, тануға және жоғары өнімділікке әкелетін дағдылардың, қабілеттердің, мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы.

Ал Нейротехнология – бұл адамдардың миды және сананың, ақыл-ой әрекетінің, жоғары психикалық функциялардың әртүрлі аспектілерін түсінуіне түбегейлі әсер ететін технология.

Ең бастысы әрбір ұстаз Педагогикалық әдеп талаптарын ұстануға, сақтауға тиісті. Білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық этиканың жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығын меңгерген маманның біліктілігі жоғары болмақ.

Курс барысында топ мүшелеріне стратегиялық менеджмент – таңдалған құралдар негізінде ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған басқару процесі бойынша да кеңінен мағлұматтар берілуде.

          Цифрлық этика – интернеттегі пайдаланушылардың тәуелсіздігі мен абыройын қамтамасыз етуге арналған нормалар жиынтығы;

 Digital-skills – цифрлық трансформация дәуірінде адамға табысты жұмыс істеу үшін қажетті цифрлық дағдылар;

Management skills – ұйымдағы нақты тапсырмаларды орындау үшін басшы ие болу керек атрибуттар немесе қабілеттер тізімі;

Meta Skills – бұл басқа дағдыларды қолдануға және дамытуға мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі дағды сынды әдічстемелік мағлұматтар мұғалімдер үшін қажеттілік болуда.

Soft Skills  – адамның жеке  қасиеттерімен байланысты дағдылар жиынтығы.

Бағдарламаның міндеттеріде осында. Басшылардың А.Маслоу пирамидасы негізінде заманауи мектепті басқарудың құқықтық құжаттары мен Педагогтің кәсіби стандарты және менеджмент психологиясы саласындағы білімдерін кеңейту. Цифрлық, мобильді, симуляциялық және QR технологиялары негізінде басшылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту. «Жайлы мектепті» басқаруда басшылардың кәсіби және басқарушылық дағдыларын жетілдіру. soft-skills, meta-skills, digital-skills и management-skills.

Бұдан шығатын нәтиже – курс соңында тыңдаушылар Маслоу пирамидасы негізінде білім беру ұйымдары басшылары нормативтік-құқықтық құжаттарды, Педагогтың кәсіби стандартын, білім беру сапасы мен басқару психологиясын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты талдау жасай отырып, басқару қызметінде іске асырады.

Басқару іс-әрекетіне ең тиімдісін енгізу үшін әртүрлі заманауи цифрлық, мобильді, симуляциялық және QR технологияларды зерделейді.

Soft-skills, meta-skills, digital-skills және management-skills дағдыларын қолдана отырып, «Жайлы мектеп» жобасын модельдейді.

Орынкүл Шырынбекова, №69 Бескепе негізгі орта мектебі
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Сайрам ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *