Әлеумет

КЕЛЕС ҚАРБЫЗЫ РЕСЕЙ АСЫП ЖАТЫР


Келес ауданының шарулары қарбыз жинап жатқалы біраз болды. Ерте көктемде еккен өнімдерін ішкі нарықта ғана емес, шетелдерге де саудалауда. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Бозай және Жамбыл ауылдық округтерінде биыл 500 гектарға жуық алқапқа ерте пісетін қарбыз егілген.

– Қарбыз еккенімізге бірнеше жыл болды. Биыл сортын көбейттік. Гектарынан 40-45 тонна өнім алудамыз. Еккен өнімімізге сұраныс жоғары. Себебі Сырдария өзенінің жағалауындағы құмды топыраққа өскен қарбыздың дәмі тіл үйіреді, – дейді «Жамбыл»  өндірістік кооперативінің төрағасы Маханбет Қасымбеков.

Аталған кооперативте 20 отбасы бірігіп, бақша өнімін егіп, жиналған өнімдерін Ресейге экспорттауда. Сонымен бірге Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларға сатуда.

Жалпы, биыл Келес ауданында бақша дақылы 1864 гектарға орналастырылса, оның ішінде 682 гектарына қауын, 1182 гектар аумаққа қарбыз егілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *