Қоғам

ДІН МЕН ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Салықбаев Қайрат, ауданның бас имамы А.Керімбаев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбекпен бірлесіп Бадам ауыл округінде орналасқан Б.Шерімқұлов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов және Қажымұқан жалпы орта мектептерінде жоғарғы 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуде «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында оқушылар тарапынан аталған тақырып бойынша түсіндіруден кейін өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, сауалдарына теолог маманының тарапынан түсінікті әрі тұщымды жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *