Біле жүріңіз

Педикулез — биттен болатын ауру


Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін киюден жұғады. Соның әсерінен педикулез пайда болып, биттер мекендеген жер қыши бастайды. Сондай-ақ, биттер көптеген жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары (бөртпе,сүзек және т.б.) болып табылады.Педикулез немесе битшеңдік паразитарлық ауруларға жатпайды, ол адам денесінде биттің паразиттік өмір сүріп, оның қанымен қоректенуі, яғни шашта, мұртта, қаста және т.б. ересек биттердің, олардың жұмыртқаларының және личинкаларының, яғни сіркелердің паразиттік өмір сүруі. Битті жұқтырған адаммен тығыз қатынаста болғанда, сондай-ақ онымен ортақ заттарды пайдаланғанда педикулезді жұқтырып алуға болады.

Санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда бит қоғамдық моншалардан, душтардан, жатаханалардан, қонақ үйлерден, жолаушы поездарынан жұғады. Ересек биттердің өмір сүру ұзақтығы 30 күн, сондықтан тек қарапайым жолмен яғни басты жуу, кірді жылы сумен жуу арқылы битті және оның салған жұмыртқаларын жою мүмкін емес. Оларды өте жоғары температурада ғана жоюға болады (15 минуттан кем емес уақытта қайнату немесе бу арқылы зарарсыздандыру, киімдерді екі жағынан тігістеріне көңіл аудара отырып , үтiктеу). Денедегі, іш-киімдегі, киімдегі, басқа да заттардағы әрбір даму сатысында табылған битті (жұмыртқа, сірке, ересек бит) жоюға бағытталған дезинсекциялық іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі. Шашта биттің саны аз болғанда ( жұмыртқаларын қосқанда 1-10 дана) оларды қолмен, яғни механикалық әдіспен тазалаған тиімді, ол үшін жүзі жиі тарақпен тарап, шашты қиып немесе алып тастаған дұрыс. Алынған шашты жинау үшін қағаз немесе резеңке төсемше қолданылады, оларды шашпен және битпен бірге жағып жібереді. Шашта биттің саны орташа және көп болғанда (жұмыртқаларын қосқанда 10 дана және одан да көп) битті жоюға арналған арнайы инсектицид сусабындары қолданылады, дәріханаларда сатылатын »Ниттифор», «Антибит» «Педилин» және т.б. сусабындарын пайдалануға кеңес береміз, нұсқауларына сай қолдану керек. Битпен күресудің, оны алдын алудың шаралары-жеке бас тазалығы мен санитарлық талаптарды қатаң сақтау, шаш пен дене гигиенасын күтіп, қарау. Жуынған соң төсек пен ішкиімді ауыстырып тұру керек.

Бит түскен жағдайда тез арада дәрігерге қаралған дұрыс.Емдеу шаралын кешіктірмей жүргізу,өзімізге және денсаулыққа пайдалы.

А.Ордабаева,

Шымкент қаласы Әл Фараби аудагны СЭББ ның

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *