Біле жүріңіз

Сүтті таңдап ішіңіз

Біздің жиі қолданатын өнімдеріміздің бірі бұл сүт және сүт өнімдері болғандықтан алдымен қаптамасында болуы керек мынадай ақпаратқа мән беріңіз.

Дайындаушының атауы және орналасқан жері. Өнімнің шыққан елін және (немесе) өндірілген жерін қоса алғанда, заңды мекен-жайы, сүт және сүт өнімдерінің атауы (оның ішінде оларда сүт емес компоненттердің болуы туралы). Сүт өнімдерінің атауы оның табиғи немесе құрамында сүт бар өнім екендігін нақты көрсетуі керек.

  • тауар белгісі (сауда маркасы) бар болған жағдайда;
  • таза салмағы;
  • құрамына кіретін компоненттер көрсетілген өнім құрамы;
  • тағамдық және энергетикалық құндылығы;
  • дайын байытылған өнімде микро- және макроэлементтердің, дәрумендердің және т.б. құрамы. Бұл ретте осы заттарды тұтынудың тәуліктік дозасына және өнімді пайдалану ерекшеліктеріне қатысты мөлшері міндетті түрде көрсетіледі;
  • өнімнің дайындалған күні және жарамдылық мерзімі;
  • сақтау шарттары, сондай-ақ егер оны ашқаннан кейін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі өзгерсе, қаптаманы ашқаннан кейінгі сақтау шарттары;
  • осыған сәйкес шығарылатын дайындаушының стандарты немесе техникалық құжаты;
  • ЕАС белгісі, ГТА (генетикалық түрлендіріглен ағзалар) туралы мәлімет.
  • Кеден одағының ТР 033/2013 сүт және сүт өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу тиіс.

    Таңбалауға қойылатын талаптар мемлекеттік және орыс тілдерінде тұтынушыға түсінікті болу тиіс.

    Сонымен қатар айта кететін жайт сүт пайдалы тағам болғанымен, ол тез бұзылатын азық-түлікке жатады. Сондықтан сүт немесе сүт өнімінің қорабындағы тұтынушыға арналған ақпаратқа «жарамдылық мерзіміне» көңіл бөліңіз.

Б. Кулимов, Шымкент  қаласы Абай ауданының

 санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқармасының

бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *