Әлеумет Біле жүріңіз

МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ


Аллергология — аллергиялық реакцияларды және онымен байланысты ауруларды зерттейтін, олардың этиологиялық себептерін, даму механизмдерін және клиникалық көріністерін анықтайтын медициналық сала.


2021 жылы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының пульмонология бөліміне пациенттердегі аллергологиялық ауруларды емдеу және алдын алу үшін 5 төсек орын жасақталды.
Бөлімде өсімдік тозаңына аллергия (аллергиялық сипаттағы науқасты жыл бойы Мазалайтын созылмалы ринит), аллергиялық конъюнктивит, бронх демікпесі, есекжемнің жедел және созылмалы түрі, атопиялық дерматит (тағамға, дәрі-дәрмектерге аллергия, жәндіктердің шағуына реакция), екіншілік иммун тапшылығын тудыратын аурулар, негізі бар жоғарғы және төменгі тыныс алу органдарының аурулары, емдеуге жауап бермейтін микотикалық зақымданулар (терінің қышуы оның себебі анықталмаған), токсикодерма, Лайелла синдромы бар науқастарға 2 аллерголог ем шаралар көрсетеді.
Айта кетерлігі, дәрігердің бірі амбулаториялық кеңес бересе, науқастарға зертханалық және аспаптық тексерулер жүргізеді. Сонымен қатар, МӘМС шеңберінде иммуноглобулин Е-зерттеу әдісі, кеуде қуысының компьютерлік томографиясы, бронхолаваж, емдік небулайзерлік терапия, физиотерапия, кеуде массажы, тыныс алу гимнастикасы, галотерапиялық емдеу — оттегі терапиясы да жасалады. 2022 жылы бөлімде 158 пациент емделген.
45 жастағы науқас ауыр жағдайда аурухананың реанимация бөліміне түсті. Науқасқа дәрігерлер шұғыл тексерулер жүргізіп, тұқым қуалайтын ангионеротикалық ісіну диагнозын қойды. Науқасқа қажетті шұғыл көмектерден соң, жоспарлы ем тағайындау қажет еді. Осы ретте, науқас алдыңғы 12 айға алдың ала дербес төлеуші ретінде төлем жасауына байланысты МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне ие болатын. Осы мүмкіндіктің арқасында қажетті ем шаралар толығымен көрсетіліп, көп ұзамай үйге қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
Дәрігерлердің пікірінше, әлеуметтік маңызы бар аурулардың асқынуларының алдын алу мақсатында аллерголог-маманнан уақтылы кеңес алу, себебін анықтау үшін диагностикалық тексерулерден өту қажет. Сонда ғана ауруды асқындыруға жол бермеуге болады.
Ескеретін жайт, биылғы жылдың қаңтар айынан маусымға дейін аллергиялық ринитпен ауыратын науқастар үшін амбулаториялық аллергенге тән иммунотерапия (Антиполлин) жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *