Шымкент

Жаңа әкімге артылған сенім үлкен


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөнінде үкметтік деңгейде арнайы жобалар қолға алынып, аймақтарда оны негізге алған әркеттер басталып та кетті. Жолдауда айтылғандай, экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру маңызды болып тұр. Нәтижесінде халықтың тұрмыс сапасы артатын болады.

Инфрақұрылымдардың бүгінгі жәй-күйін сала мамандары мен жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Содан да болар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке дәл осы инфрақұрылымдардың мәселесін айтуға асыққандар көп болды. «Көрме» орталығында ұдайы өтіп тұратын тұрғындарды қабылдау іс-шарасы қаланың жаңа әкімі үшін тансық емес. Керісінше шымкенттіктермен етене танысып, мұң-мұқтажын тыңдауға құлшына кіріскендей. Бірыңғай қабылдауға бұл жолы да 300-ден аса азамат келген. Олардың өтініштерін әкім ғана емес, орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары тыңдап, тиісті шара көрілетіндерін өздері үшін қағазға түртіп алып жатты.

Инфрақұрылымдарды жақсартуға қатысты мәселелерден бөлек қабылдау барысында тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына да қатысты сауалдар, өтініштер көп болды. Бірқатар азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың ережелері мен шарттары түсіндірілді.

Қала активімен өткен кездесуде ҚР Премьер министрі Әлихан Смайылов миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі ретінде Шымкентте бірінші кезекте ауыз су, электр жарығы, жылумен қамту ісі жақсаруы керектігін атап өткен-ді. Баспанамен қамту мәселесі де басты назарда болу керектігін айтты. Шымкент қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы бар қала болуға тиісті.

– Біз Шымкент қаласының шағын және орта бизнес үшін өнеркәсіптік аймақтар құру тәжірибесін кеңінен қолдаймыз. Биыл бұл тәжірибені барлық өңірде қолдану бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Шымкент шағын және орта бизнестің орталығы деп айтуға болады. Сол себепті шағын индустриялық аймақтарды іске қосу жұмыстары жалғасуға тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Шымкентте қазір Президенттің тапсырмасы бойынша жаңадан Студенттер сарайы мен қалалық опера және балет театры салынып жатыр.

Мегаполисте азық-түлік бағасын тұрақтандыру да маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ, ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажеттігін айтқан Үкімет басшысы қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту осы мақсатқа жетуге ықпал ететіндігіне тоқталған.

Жаңа әкімнің алдында осы міндеттердің үдесінен шығу мақсаты тұр. Бәрі де халықтың игілігі үшінгі жұмыстар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *