Иондық сәулелердің тірі организмге тұтастай
алғанда әсерін, зиянды әрекетін, медицинада, өндірістегі қолданысы жөнінде жеке
тұлғалық қауіпсіздікті білу иондаушы сәулелердің жасушаларға, тіндерге,
мүшелерге және ағзаға әсері туралы білімдерін нығайту мақсатында, жасушалардың,
мүшелердің және ағзаның радиосезімталдылығы және радиосезімталдылықты
модификациялау туралы және тіршіліктің қауіпсіздік нормасы түсініктерін
қалыптастыру дәрігерлер үшін өте қажет.
Жеке тұлғаның радиациялық қауіпсіздігі тақырыбын оқыту барысында толық мағлұмат беру, адам организміне және денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қамтылады , ол бағдарламаларға сай болуы керек. Созылмалы және жедел сәулелену кезіндегі адамдардағы радиациялық зақымдардың қалыптасуын есепке ала отырып, радиацияның әсеріне ұшырағандардың арасында емдеу және профилактикалық шараларды жүргізілу қажет болады.
Иондағыш сәулелену көздерін қалыпты пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі принциптер жұмыс барысында басшылыққа алынады:
барлық сәулеленудің көздерінен адамдардың жеке басының сәулеленуге ұшырау дозаларын рұқсат етілген шегінен асырмау (нормалау принципі);
иондағыш сәулеленудің көздерін пайдалану кезіндегі адамның және қоғамның алған пайдасы оларды қолдану кезіндегі қосымша сәулеленудің келтіретін зияндылық қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тыйым салу (негіздеу принципі);
кез келген сәулелену көздерін пайдалану кезінде, экономикалық жөне әлеуметтік факторларды ескеріп жеке бастың (персонал) сәулеленуге ұшырау дозаларын және сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санын мүмкіндігінше және қолдан келгенше төменгі деңгейде ұстау.
Рентген (Р) және гамма-сәулеленудің затпен өзара әсерлесуі. Рентген және гамма-сәулеленулерінің шоғыры әртүрлі ортадан өткен кезде кванттардың затпен өзара әсерлесуі нәтижесінде оның интенсивтігінің азаюы байқалады, Р сәулеленуінің өзара әсерлесуі, ол әр жағдайда, әрбір фотонның жеке акті нәтижесіңде сәулелену шоғырынан шығуымен сипатталады.
Нейтроңдардың затпен әсерлесуі. Нейтрондар шоғырының заттармен әсер етуі кезінде, заттың ядроларымен екі түрлі өзара
әсерлесуі мүмкін. Біріншіден нейтрондардың ядролармен соқтығысу нәтижесінде нейтрондардың серпімді және серпімді емес шашырауы мүмкін және ядролык реакциялар және ауыр ядролардың бөлінуі пайда болады.
Радиациялык қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңды түрде көптүрлі қорғану шараларының кешенін жүргізуді қажет етеді. Ол иондандырғыш сәулелену көзімен нақтылы жұмыс істеу жағдайында және бірінші кезекте иондандырғыш сәулелену түріне байланысты, яғни иондандырғыш сәулеленудің жабық көздеріне байланысты болады.
Радиациялық бақылау радиациялык қауіпті нысандарды жобалау сатысынан бастап,жеке тұлғаның радиациялык кауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең маңызды бөлігі.Оның мақсаты радиациялык, қауіпсіздік принциптерін және қалыпты жұмыс кезінде орнатылған негізгі доза шектері мен деңгейлерден аспауын қоса есептегенде, нормативтер талабының сақталу дәрежесін анықтау, радиациялық апат (авария), жергілікті жерлердің және ғимараттардың радионуклидтермен ластануы жағдайында қорғануды оңтайлы ету және кірісу туралы шешім қабылдау үшін, сондай-ақ, табиғи сәулеленуге ұшырау денгейі жоғары аумақтар мен ғимараттардан қажетті ақпараттар алу үшін керек.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік бақылау міндеттері болуы қажет,олар:
-иондаушы сәулелер көздерін алу, өндеу, дайындау, қолдану радиоактивті қалдықтарды өндеу мен жою жұмыстары кәсіпорындара, мекемелерде, т.с.с ұжымдарда істейтін қызметкерлер және сол аймақтар түрғындарының радиациялық қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету жөніңдегі ақпараттарды алу және талдау;
-мекемелерде, аймақтарда радиациялық қауіпсіздік жағдайларын қолайлылығы бойынша шараларды жүргізуді негіздеу, ұйымдастыру және бақылау;
-иоңдаушы сәулелер көздерін, олардың жеке бөлшектерін жұмыста немесе техникалық қондырғыларда пайдаланатын, жобаланған, қолдануға берілген мекемелерді, санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер бойынша эксперттік бағалау;
-жеке мекемелер, ведомстволар және бақылауға алынған аумақтағы радиациялық қауіпсіздік жүйесін оңтайландырудың болашаққа арналған жоспарларын негіздеу және бақылау.
Сонымен, радиациялық агенттер, сыртқы орта факторының бірі ретінде, адамзатқа тудыратын қауіптіліктен, радиацияның нормалық қауіпсіздігі, одан сақтанудың және тіршіліктің қауіпсіздігінің
бақылану қажеттілігі туындайды. Осы келтірілген факторлар, әруақытта әрбір тиісті дәрігер мамандардың, өз қаперінде болуы шарт.
Г.Шонжанова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының
СЭББ-ң санитариялық- гигиена
бөлімінің бас маманы