Біле жүріңіз

Жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолын зақымдайды

Жіті ішек инфекциялары  – бұл ішек қарын жүйесінің жұқпалы аурулары. Жіті ішек инфекциясы – ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялар аурулар тобы. Бұл топқа сальмонеллез, дизентерия, сонымен қатар тағамдық токсикоинфекциялар, шартты патогенді қоздырғыштардан туындаған жіті гастроинтериттер жатады. Олар дәреттің бұзылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына алып келеді. Жіті ішек инфекциясының қоздырғыштары өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ ыдыс аяқ, есіктін тұтқасы, ойыншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, етте, сүт және кондитер өнімдерінде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түлектерде көбейеді.

Жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын, патогенді және шартты патогенді бактериялар, вирустар тудыратын инфекциялық аурулар.

Дизентерия – көбіне тоқ ішектің сілемейлі қабығы зақымдалатын шигелла (Shigella) түтінің микробы тудыратын инфекциялық ауру. Клиникалық түрде ауру уланумен және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады.

Сальмонеллез – симптомсыз бактерия тасымалдаушылықтан бастап ауыр септикалық нұсқаларына дейін клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын, сальмонелла түрінің қоздырғыштары нәжіс-ауыз арқылы тетікпен берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы. Көбіне жіті гастроэнтерит түрінде өтеді.

Ауру дене қызуының көтерілуінен, дәреттің бұзылуынан, яғни, оның жиіленуі мен босаңсуынан, іштің ауруынан басталады. Науқасты құсу мен лоқсу мазалайды. Ауру барысында ағза дәрет және құсу арқылы сұйықтығын шығара бастағандықтан сусыздану белгілері (әлсіреу, сусау, демігу) басталуы мүмкін.

Негізгі белгілері: іштің ауыруы; құсу, іш өту;дене қызуының көтерілуі; әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің, тамырлардың, бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Жіті ішек инфекциясының белгілері байқалса, өздігіңізден емделмей, жедел медициналық көмекке жүгініңіз!

Алдын алу шаралары:

— азық-түлікті арнайы дүкендер мен базарлардан сатып алыңыз

-міндетті түрде жеке және қоғамдық гигиена шараларын сақтаңыз;

-серуеннен кейін, дәретханадан шыққаннан кейін, ас ішердің алдында колды сабындап жуыңыз;

— аптасына екі реттен кем емес тұрғын бөлмелерді тазалау, лас ыдыс аяқты, төсек жабдықтарын, ойыншықтарды қолданбау;

— қолдану алдында жеміс-жидек, көкөністерді жуу;

— Ауыз суын немесе қайнатылған суды тұтыныңыз. Су қоймаларындағы суды пайдаланбаңыз.

Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет: жеке гигиена ережелерін сақтау; қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; — тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады;  ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау; тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс;  жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;  өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс;  өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;  қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек; таза судың мол ағынымен  жеміс-жидектер мен көкөністерді шайыңыз. Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ     сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді.

Денсаулығыңызды күтіңіз! Қарапайым кеңестерді ұстану Сіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтайды!


А.Асанбаева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

санитариялық эпидемиологиялық бақылау

басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *