Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қызылқия ауылдық округіне қарасты Айнатас елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысанның сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына мән беріп, жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Қызылқия елді мекеніндегі Тоқтамысов және Ақтілек көшелерін жарықтандыру бойынша […]
