Біле жүріңіз

Мақтаншақ блогер тоналды

Әлеуметтік желіде байлығына мақтанған гонконгтік блогер Мей Янь Соның пәтерін қарақшылар тонап кетті. The Sun басылымының жазуынша, блогердің үйіне пышақпен қаруланған үш ер адам кіріп келіп, өзін алты айлық баласымен және үй қызметшісімен қосып байлап тастаған. Әйел бағалы заттарының қайда жасырылғанын айтпаған. Сол кезде тонаушылар сәбидің басынан таяқпен ұрған көрінеді. Қаскөйлер келіншектің өзін де ұрып-соққан. […]