Қазақ үшін жылқы жай көлік немесе мал ғана емес, ол қазақтың өркениеті, тағдыры, мінезі, болмысы. Қазақ халқы даланың кеңдігін, еркіндіктің рухын, уақыттың тынысын жылқымен бірге сезінген халық. Ғылыми деректерге сүйенсек, жылқыны алғаш қолға үйреткен өңір – қазіргі Қазақстан аумағы. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті (б.з.д. IV мыңжылдық) адамзат тарихындағы ең алғашқы жылқыны қолға үйреткен қауым […]
