Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

Димаш әлемді қазақша ән салдыра бастады

Бүгінде Латын Америкасының бірқатар елдерінде Димаш Құдайбергеннің Еуропадан бастау алған кезекті концерттік туры дүркіреп өтуде. Әсіресе Мексиканың Мерида, Монтеррей, Гвадалахара, Мехико қалаларында өткен концерттеріне жұрт қарақұрым көп жиналды. Кешегі аптада ол, сондай-ақ, Колумбияның Богота, Чилидің Сантьяго қалаларында да концерт қойды. Жоспар бойынша енді Перу астанасы Лима, Индонезия астанасы Джакарта қалаларына барып, өзінің концерттік турын аяқтайды. […]