Жазда күн ұзақ, ауа температурасы жоғары. Той-томалақтың маусымы. Жұрттың көшеден тамақтануы да жиілейді. Балғын көкөніс, жеміс-жидек, қауын-дарбыз жеуге мүмкіндік көп. Адамдар жылдам әзірленетін, тез бүлінетін азықты да жиі пайдаланады. Табиғат аясына шығып демалады, суға шомылады. Осының бәрінде де тиісті сақтық шараларын есте ұстау керегін ұмытпаған абзал. Өйткені, мұндайда ішек инфекциясын жұқтырып алу мүмкіндігі жоғары болады. […]
