Шымкент қалалық орыс драма театрының ғимаратында «Сөз маржаны – термеде» республикалық байқауы өтті. Оған алдын-ала онлайн-іріктеуден өткен 13 термеші қатысты. Шымкент, Түркістан, Алматы, Астана қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл облыстарынан, Түркістан облысының Сайрам және Созақ аудандарынан келген өнерпаздар бақ сынады. Бұл байқау алдымызда келе жатқан Тәуелсіздіктің 35 жылдық мерекесіне арналды. Қала […]
