Ата-бабалардан бүгінгі күнге жеткен салт-дәстүрлердің қазіргі қоғамда ішінара сақталса да жария етіле бермейтін дәстүрлерінің бірі – әмеңгерлік. Яғни, күйеуі қайтыс болып, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса күйеуінің ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қағида ерте заманнан «әйел ерден кетсе де елден кетпейді» деген нақыл сөз ретінде қалыптасқан. Әлеуметтік желіде әлдекімдер […]
