Жаны жайсаң, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті жанына серік еткен Байдулла Қонысбекпен сонау сексенінші жылдардың басында танысқан едім. Менің қаладағы бір кәсіпорында инженер болып істейтін кезім. Бір күні түнделетіп, сағат 1-ден өте Ақан атты досымның үйіне келсем, ол ауласында көлігін оталдырып жатыр екен. Амандасқан соң маған отыр деп, алдыңғы есікті ашты. Әйелі мен қарындасын жұмыстан алып қайтуға […]
