Мәселе

Шымкентте жауынның салдары қалай болып жатыр?

Су басу қаупі бар аймақтарда төтеншеліктер жүр. Олар ауласына су кіруі мүмкін делінген тұрғын үйлерді су басудан аман сақтаудың жолдарын қарастыруда. Алдын ала жарияланған дауыл туралы ескерту негізсіз болмады. Кеше (2023 жылдың 16-17 ақпанында) күнімен-түнімен Шымкент қаласында жауған жауын бүгін әлі де тоқтаған жоқ.

Осы орайда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша тұрғындардан келіп түскен хабарламалар бойынша қала аумағында суды шығару жұмыстары жүргізілуде екен. Бұл бағыттағы жұмыстар «Қазығұрт» шағынауданында Бөгенбай көшесі бойында, Темірлан тас жолының бойында орналасқан «Закир» дүкенінің жанында жүргізілген.

«Нұртас» шағынауданында ауланың су басуына жол бермеу мақсатында инертті материалы бар дайындалған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді.

Суды шығару қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп жүргізілді, онда 87 бірлік техника, 65 мотопомпа, жеке құрамның 173 адамы жұмылдырылды. Жалпы 2508 текше метр су шығарылды, 800 қап инертті материал төселді. Үйлерді су басу фактілеріне жол берілмеді» дейді төтеншеліктер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *