Біле жүріңіз

  Улы газдан сақ болыңыз!

Улы газдың құрбаны болып қалмаңыз! Ол көзге көрінбейді, қолға білінбейді, қауіпті. Онымен улану адам өліміне әкеліп соғады. 

Адамдар отынды, көмірді үнемдеу және үйдегі жылуды сақтап қалу үшін көмірдің жанып болғанын күтпей, түнде пештің мұржасын тығындап жауып қояды. Улы газбен улану көбіне ұйқыда жатқан кезде болады. Пешпен жылытылатын үйлерде ғана улы газбен улану болады деп ойлаған дұрыс емес. Көлік иелері де сақтана жүруі тиіс – өздерінің көлікжайларында оқыстан опат болғандар бар. Көлікжайдың қақпаларын жауып қойған күйінде автокөліктерін жылытпақ болады. Арты қайғылы аяқалады.

Қалалық пәтерлерде де уланулар болады. Орталықтандырылған жылуды жеткіліксіз санап, тұрғындар ылғалдылық пен салқыннан арылу үшін газ плиталарын қолданамын деп қайғылы оқиғаға душар болуы мүмкін. Қауіптің барлығы – қарапайым қауіпсіздік шараларына селсоқ қараудан туындайды. Өмір, денсаулық үшін техникалық қауіпсіздікке көңіл бөлу керек.

А. Бабаш,

Еңбекші ауданы ТЖБ аға инженері,

азаматтық қорғау капитаны                                       

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *