Біле жүріңіз

Сұлулық салонына абайлап барыңыз

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні келе жатыр. Көктемдей құлпырған қыз-келіншектер әсіресе, осы мереке қарсаңында бет күтіміне, түрлі әрлеу әдістеріне жүгінетіні бар. Десек те…

Косметологиялық кабинеттерден инфекция жұқтырып алу қаупі барын білесіз бе? Ал оның алдын алу жолдары қандай?

Мезотерапия, блефаропластика және т.б. заманауи косметологиялық процедуралар теріге байланысты эстетикалық мәселелердің көпшілігін шешуге мүмкіндік береді, бірақ мұндай процедуралар кезінде инфекциялық асқынулар болуы ықтимал.

Мұның бәрі косметологтың жауапкершілігіне және клиенттің саналығына байланысты.

Инфекциялық асқынулардың пайда болуындағы негізгі этиологиялық факторлар.

Косметологиялық процедураларға байланысты терінің кез-келген зақымдануы бактериялық, вирустық немесе саңырауқұлақ инфекциясының жұғу қаупін тудырады.

Әдетте, клиенттің денесіне инфекция енуінің алғашқы күндерінде терінің зақымданған орындарына бөртпелер пайда болады, сонымен қатар дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, терідегі қабыну орындарының қызуы түріндегі жедел процесстің дамуы асқынуды көрсетеді.

Жұқпалы асқынулар асептика мен антисептика ережелерін сақтамау, косметолог пен клиенттің жауапсыздығы кезінде пайда болады.

Косметологиялық кабинеттерде терінің зақымдануымен байланысты инфекциялардың алдын алу:

— заманауи дезинфекциялық құралдарды қолдану;

— косметологиялық процедураларды жүргізу кезінде қолданылатын құралдарды сапалы дезинфекциялау және зарарсыздандыру;

— стерильді бір реттік құралдарды қолдану;

— косметологтар мен клиенттердің қолдарын өңдеуге арналған құралдардың жеткілікті болуы.

Тек косметологтың біліктілігі, жауапкершілігі және клиенттің саналылығы косметологиялық процедуралардан кейінгі қажетсіз асқынулардың алдын алады.

Сақ болып, сау болыңыз!

А. Тұрымбетова, Шымкент қ. СЭБД басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *