Кейінгі кездері елімізге шет мемлекеттерден келушілер саны артып тұрған сияқты. Нақтысын тиісті мекемедегілер білер, дегенмен жай көзге солай көрінеді. Мысалы, кешегі аптада қаланың Адырбеков көшесіндегі «Магнум» гипермаркетінен түрі қазақтан аумайтын бір әйелді көрдім. Сатушы қызбен түсінісе алмай тұрды, қазақша да, орысша да түсінбейді екен. Ымдап, телефоннан бірдеңені көрсетіп, әйтеуір түсіністі, есептесті. «Қытай ғой, жақын жерде […]
