Шымкентте Ұлы Отан соғысы кезінде жаудың пулеметін өз кеудесімен жапқан батыр Александр Матросов атындағы көше бар. Ал дәл осындай ерлік жасаған қандастарымыздың атында неге көше жоқ? Мәселен, Сұлтан Баймағамбетов, Сабалақ Оразалинов, Сүндетқали Сейтқалиев, Иманғали Балтабанов, Боран Нысанбаев, Ақәділ Сухамбаевтар осы ерлікті қайталаған. Батырдан батырды бөлмейміз, әрине. Дегенмен «бізге А.Матросовтан гөрі өз қандастарымыз жақын емес пе?» […]
