Әлеуметтік желі жастар өмірін қалай өзгертуде? Кешкі автобусқа мініп, айналаңызға қараңызшы. Он адамның тоғызы жүзін төмен салып, саусағымен экранды жоғары қарай жылжытып отыр. Біреуі видеоға күледі, біреуі қабағын түйіп, біреудің суретіне ұза-а-қ, кейде үлкейті-іп қарайды. Бұл көрініс бәрімізге таныс болғаны сонша, оны елемейтін де болдық. Ал психологтар дәл осы үнсіз, бас көтермейтін тірлікке алаңдай қарайды. […]
