Отандасымыз, әуесқой жүзуші Мәди Әділханов әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Бұғаздың ең тар тұсының өзі 40 шақырымнан асады, М.Әділханов осы қашықтықты еңсерді. Өзіндік ереже бойынша Ла-Манш арқылы жүзуге тәуекел еткен адам суға түсерде су өткізбейтін арнайы киім кимейді, қандай да бір препараттар қолданбайды. Тек денесін аздап майлауы мүмкін. Суда жүзу барысында ол тынықпайды, жанында жүзген […]
