Әлеумет

«АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» ҚОРЫҒЫ

және Сабаев пен Әбілдаевтар әулеті Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш қорық – «Ақсу-жабағылының» құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Қорық ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұдан бір ғасыр бұрын бұл қорық осы жердің табиғаты мен аң-құстарын, өсімдіктерін бүгінгі және келешек ұрпаққа қаз-қалпында сақтап қалу мақсатында құрылған. «Табиғат – тіршілік тірегі» деп халқымыз айтқан игі […]