Әлеумет

Кәсіби аурулар дегеніміз қандай ауру?


       Кәсіби аурулар –белгілі бір мамандыққа байланысты  кәсіпорынның зиянды  әсерінен болатын ауру. Кәсіби аурулар  кәсіпорындардағы  санитарлық-гигиеналық ережелердің  дұрыс орындалмауынан , шу, діріл тағы басқа әсерінен болады. Мысалы шаң-тозаңы  көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу) ал  радиоактивті препараттармен  жұмыс істейтіндер  сәуле ауруына шалдығады. Қатты  дірілдейтін аспаптармен  ұзақ уақыт  жұмыс істеу  тамыр неврозына  (ангионеврозға)  ұшыратады. Мал шаруашылығындағы адамдар  ару мал арқылы  түйнеме, туляремия,сарып ауруын жұқтырып  алуы мүмкін. Кәсіптік  зиянды әсерлер  тек  кәсіби ауруларды ғана емес ,басқа арулардың да пайда  болуына  әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай  жұмыс күні  мерзімін қысқарту,жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс  жасау (15-20 мин), техникалық шараларды  іске асыру –Кәсіби  ауруларудың  санын  азайтып,келешекте  мүлдем  жоюға  мүмкіндік  береді.  Кәсіби  ауруларды азайту  үшін  радиоактивті препараттармен , рентген  кабинеттерінде ,ыстық пештерде ,тағы  басқа  жұмыс жасайтын адамдарды  жұмысқа аларда және  әрбір 6-12 ай сайын  денсаулығын  медициналық тексеруден  өткізіп тұру қажет.

Г.Шонжанова, Шымкент қаласы  Әл-Фараби  ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *