Әлеумет

Аналық безден ісікті алып тастады

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына 1986 жылы туған науқас 3 айдан астам уақыттан бері іші ісінуіне байланысты шағымданып келді. Науқасқа МРТ сканерлеу жүргізіліп, аналық безден шығуы мүмкін жамбас пен іш қуысының үлкен кисталық муцинозды цистаденома түзілуі анықталды.

МӘМС жүйесі бойынша науқас онкохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Операция кезінде оң жақ аналық безден шығатын мукинозды құрамы бар мөлшері үлкен кистозды масса табылған. Сонымен қатар, жатырдың миоматозды түйіндері анықталды. Тұрмысқа шықпаған науқастың келешекте балалы болғысы келетіні ескеріліп, жатырды сақтау туралы шешім қабылданды. Егер, ота уақтылы жасалмаса муцинозды цистаденоманың салмағы 120 келіге дейін ұлғаюы мүмкін.Оң жақ аналық бездің түзілуін алып тастау және жатырдың сол жақ аналық бездің сақталуымен миоматозды түйіндерді консервативті алып тастау отасы жасалды. Сәтті отадан соң науқастың денсаулық жағдайы қанағаттандырылып, дәрігердің рұқсатымен бесінші күні ауруханадан шығарылды.
Дәрігерлердің айтуынша, аналық без ісіктері қатерсіз және қатерлі болып бөлінеді. Әдетте пациенттер іштің төменгі бөлігіндегі ыңғайсыздыққа, кейде іштің ұлғаюына шағымданатыны бар. Фертильді жастағы пациенттерге барлық түзілімдер қатерлі. Көбінесе аналық бездің қатерсіз және қатерлі ісіктері арасындағы дифференциалды диагностика тек гистологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша анықталады. Айта кетерлігі, қатерсіз ісіктердің клиникалық көріністері қатерлі ісіктерден айырмашылығы жоқ. Яғни, ісіктің нақты себептері белгісіз болады. Аналық без ісіктерінің пайда болу себептері: ерте менарх, кеш менопауза, артық салмақ, жас, отбасылық жағдай, жүктіліктің болмауы және баланы емшекпен емізбеудің салдарынан орын алады.
Сондықтан әйел адамдар жасына не болмаса денсаулығына байланысты скринингтік тексерулерден мерзімді өткендері жөн. Сонда ғана қатерлі немесе қатерсіз ісіктердің алдын алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *