Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етіп, қоғам дертіне қарсы тұру — әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Мемлекетіміз бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі деңгейдегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа жол бермеуіне бағытталған заңдар да бар.
Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандар арасында заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы жәшік орнатылған, сондай-ақ «Сенім» 8(7252)-35-91-47 телефоны жұмыс жасайды.
М.Т.Сарманова,
Тұран ауданының СЭББ бас маманы.