Біле жүріңіз

Ет және ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Ет- халықтың  негізгі  тағамдарының бірі.Оның  тағамдық құндылығы, ең алдымен,барлық  маңызды  аминқышқылдары, сондай-ақ майлары бар  толық  ақуыздардың құрамымен  анықталады.Әртүрлі жануарлардың   етіндегі ақуыз мөлшері 14 тен 24 %-ға дейін ауытқиды.Еттің құрамында  темір, фосфор ,А,В1,В6,В12 дәрумендері көп. 
  Ет,ет өнімдері және сойылатын жануарлардың  қосымша  өнімдерінің  қауіпсіздігі  Кеден  Одағының  034/2013 «Ет және ет өнімдерінің  қауіпсіздігі  туралы», КО ТР 021/2011 «Тамақ  өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»  техникалық регламентіне  сәйкес  нормаланады.
  Дүкенге немесе  базар сөрелеріне  түспес бұрын  сапа мен қауіпсіздіктің  барлық  талаптарына  сәйкес  кесілген ет ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтеді.Сатуға арналған  ұшалар  міндетті түрде таңбаланып, қолға  ветеринариялық анықтамалар, куәліктер  беріледі. Етті таңдауда дәмді әрі  балғын етті ғана емес, сонымен қатар  ағзаға пайдалы  етті таңдау қажет. Ет алғанда  ең алдымен  оның түр-түсіне,иісіне, жұмсақтығына  назар салу керек. Бірақ әр малдың еті бір-біріне ұқсамайтынын ескеруді ұмытпаңыз.     Дегенмен, малдың жасына қарамастан сапалы еттің түсі біркелкі болады, қою қара немесе жасыл дақтар болмауы тиіс.Қой етінің құрамында темір мен холестерин аз болатынын ескерсек, қой етін балалар тағамына жарайды деуге болады.Балғын еттің иісі де жағымды, бөгде иіс сезілмейді,шіріген және  көгерген болмайды.Ет жұқпалы аурулардың  зооноздарының,бірқатар  гельминтоздардың берілу факторларына  айналуы  мүмкін, олардың  қоздырғыштары табиғи  жағдайда адамдарға беріледі. Сондықтан,өз   қауіпсіздігі мақсатында ет, ет өнімдерін белгіленбеген  орындарда  сатып алуға мүлдем болмайды.
     Ал, сатушы тұтынушы талап еткен  құжаттарды көрсетуге міндетті, атап айтқанда, ет өнімдеріне ветеринарлық-санитариялық сараптама жасайтын зертхана  анықтамасы,жүкқұжаттар, бір реттік талон болуы тиіс.
   Ендігі тоқталатын  тақырып: ет өнімдері, оның ішінде  шұжық  тағамы жөнінде.Шұжық өнімі аса баптауды қажет ететін тағам түрі.  Тартылған ет(фарш) негізінде тұз, дәмдеуіштер және  қоспалар  қосып жасалынған,  қабықшада  немесе  онсыз және  тұтынуға  дайын болғанша  жылумен  өңделген  шұжық бұйымдары  деп  аталады. Шұжықтардың бүгінгі күні 200 ден аса түрі бар.
    Дайындау тәсілдері бойынша ; пісірілген шұжық, пісіріліп ысталған  шұжық, шикілей ысталған шұжық,қаннан жасалған шұжық, бауырдан жасалатын шұжықтар болып бөлінеді.
   Ет түріне байланысты; сиыр, шошқа, қой, жылқы, түйе, басқа мал еті мен  құс етінен жасалған  шұжықтар.
   Шикізат сапасы бойынша: жоғары сұрыпты ,I, II және III сұрыпты.

Тағы бір өнім түрі- еттен дайындалған консервілер. Ет консервілеріне қалбырларға салынып, бекітілген, ыстықпен зарарсыздандырған дайын өнім жатады.Мұндай өнімдер еттен және етке құрауыштар қосу арқылы дайындалады.Ет консервілері қоғамдық тамақтану орындарында 0-8 грС температурада 30 тәулік сақтауға болады.Қоймаларда консервілер түріне байланысты 1-3 жылға дейін сақталады.Барлық ет консервілер бірнеше топқа бөлінеді. Шикізат түрі бойынша:

  • етті ( сиыр, шошқа, қой, жылқы ,құс еті);
    -субөнімді (тіл, бүйрек,бауыр,қарынды және субөнімдер қоспасы);
  • ет өнімдерінен жасалған (сосискалар, шұжық фаршынан және т.б);
    -етті-өсімдікті- (жарма,бұршақ,көкөніс, басқа өсімдікті шикізат араласқан ет шикізатынан немесе субөнімдерден);
    -майлы бұршақты (үрмебұршақ және басқа да бұршақ дәндері (чечевица,горох) қосылған шошқаның ертілген майы,шпик);
    Тағамның таңбалануы, әсіресе шұжық сиякты баптауды қажет ететін тағамның таңбалануы толық және нақты болу қажет және сонымен қатар, екі тілде: мемлекеттік тілде және орыс тілінде мәтіні анық болуы тиіс.Себебі бұл жерде тағамға қатысты толық ақпаратты көрсетеді, атап айтсақ салмағы, бағасы,оралған мерзімі, сақтау мерзімі, сақтау шарттары, штрих коды,тағамның құрамы.Егер сыртқы заттаңбасы ұқыпсыз, онда берілген ақпараттар қисық,солғын жазылған,кейбір сөздері майысқан жерлерінде түсініксіз немесе көрінбейтін болса,бұл жағдайда тағамның сапасына күмәндануға себеп болады.
    Қосымша айта кету керек: Бүліну белгілері бар етті тамаққа пайдалануға жарамсыз деп тану керек. Етті тоңазытқышта сақтау кезінде тауар көршілестігі шарттарын орындау қажет (тоңазытқыштың бір сөресінде шикі етті және дайын өнімдерді сақтауға болмайды);
    Етті қолданар алдын мұқият қайнату немесе қуыру қажет.Күнделікті тамақты дайындау, тұтыну барысында жеке бас гигиенасын ұстау керек.
    Осы айтылған деректерді табиғи және пайдалы, дәмді өнімді таңдауда өз қажетіңізге жарата біліңіз. Абай ауданы СЭББ
    Техникалық регламент талаптарын
    сакталуын бакылау бөлімінің басшысы Б..Н.Карибаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *