Құқық

Мемлекеттен субсидия алып беремін…

Шымкентте көкөніс сатып күнөлтіп жүрген азамат таныстарын дәл осылай алдаған. «Мемлекеттен субсидия алып беремін» деп талайды сазға отырғызған оны полиция құрықтады. Шымкент қаласының полиция департаментіне арызданған әйел алаяқтын құрбаны болғанын айтқан.

Жәбірленушінің айғақтарына сүйенген полицияның мәлімдеуінше алаяқ өз таныстары арқылы мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмектесетініне сендірген. Бизнес идеяларын жүзеге асыруға қаражат ұтып алу үшін арызданушы әйел алаяққа жарты миллион теңгеден астам ақша төлеген екен. Біраз уақыттан кейін алаяқ өзінің уәдесін орындамай, арызданушының қоңырауларына жауап бермей қойған.

Алаяқтық әрекет бойынша Абай АПБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел уәкілдер күдіктіні ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Ол көкөніс базарында сауда жасайтын, Шымкенттің 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

–Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен тағы екі адам анықталды. Келтірген залалдың жалпы сомасы 1 млн теңгені құрайды. — дейді тергеуші Данияр Жамбылов.

Сондай-ақ, әйелдер өз ісін бастау үшін қайтарымсыз грант алуға және туыстары үшін АӘК төлем алуға үміттенген. «Қазіргі таңда, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жіберілді», — деп қосты полиция капитаны. Тәртіп сақшысы азаматтарды алаяқтардың айла-амалына түсіп қалмай, мемлекеттік қызметтерді тек тиісті мекемелерде және заң аясында алуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *