Әлеумет

Медициналық ұйым көрсеткен қызметтерге талдау жасалды


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы екені көпшілікке мәлім. Қор медициналық ұйыммен келісімшарт жасасқан кезде тапсырыс беруші әрі төлеуші болса, медициналық ұйым өз кезегінде осы медициналық қызметтерді ұсынады.

Қор сарапшылары келісім міндеттемелері шеңберінде ТМККК және МӘМС аясында жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасы мен көлемдеріне ұдайы мониторинг жасайды. Шара барысында медициналық көмек көрсету стандарттарынан, клиникалық хаттамалардан және басқа да нормативтерден кемшілік жіберілгені анықталса, медициналық ұйымдарға айыппұл санкциялары салынады. Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы медициналық көмек көрсету сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингтеу бөлімінің басшысы Алтыбаев Нұржан Кәрімжанұлы мәлімет берген болатын.

2023 жылдың 6 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 73454  кемшілік анықталды. Айыпақы сомасын қоса алғанда, оларға жалпы 696,5 млн  теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.

Стомотологиялық қызметтер, жүкті әйелдерге көрсетілетін (антинатальды) қызметтер, амбулаторлық реаблитация, консультативтік-диагностикалық қызметтер  және көрсетілмеген қызметтерді қосып жазу жағдайлары бойынша кемшіліктер орын алған.

Көрсетілмеген медициналық көмекті көрсетілді деп жазған жалған ақпарат бойынша 257 жағдай (9 медициналық мекеме) бойынша 5,5 млн теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды, аталған кемшілік бойынша көш бастап тұрған «AN CLINIK» ЖШС (47,4%), жеке кәсіпкер «Билисбаев Б.Б.» (17,8%) «Адам-Капита» ЖШС (11,2%).

Талдау нәтижелеріне сүйенсек, көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін асырып көрсету бойынша көптеген заң бұзушылық орын алады. Кемшіліктердің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық қызметтерде анықталады. Мемлекет басшысы өз сөзінде консультативтік-диагностикалық көмекті көрсету барысында жалған жазбаның көп орын алатынын тілге тиек еткен болатын. Салдарынан қаржы жетіспеушілігі мәселесі көтеріледі. Қор өз тарапынан медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді және бұндай фактілердің жолын кеседі.Бұл медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *