Біле жүріңіз

Жылқы жылында туғандар

Қазақтың Жылқы жылында өмірге келген әйгілі тұлғалары мыңдап саналады. Бірқатарын тізе кетейік, біле жүріңіздер.

Қазақ даласын жатжерлік басқыншылардан қорғауда аты шыққан әйгілі Қабанбай мен Бөгенбай батырлар 1690-шы, Жылқы жылында дүниеге келген. Мамай, Қойгелді батырлар олардан тура бір мүшел жас кіші болса (1702), Ер Жәнібек, Баян батырлар екі мүшел кіші (1714). Жанқожа, Наурызбай батырлар да – Жылқы жылының (1774, 1822) тумалары. Әулие пір Бекет атаның туған жылы да (1750) – Жылқы жылы. Біржан сал 1834-ші, жыр алыбы Жамбыл атамыз 1846-шы, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім қажы 1858-ші, Жылқы жылдарында өмірге келген. 1894-ші, Жылқы жылында әйгілі Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды тұлғалар дүние есігін ашқан. Қазақ музыка өнерінде өшпес ізін қалдырған Ахмет Жұбановтың да туған жылы 1906-шы, Жылқы жылы. Екінші Дүниежүзілік соғыста өшпес ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев, жау тылында шайқасқан батыр партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов, шертпе күйдің шебері Төлеген Момбеков, классик-жазушы Тәкен Әлімқұлов (1918), қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов (1930),  қазақ әдебиетінің тарландары Дулат Исабеков, Дүкенбай Досжан, Ақселеу Сейдімбеков, Мұхтар Шаханов та (1942) – Жылқы жылы өмір есігін ашқан тұлғалар. 1954-ші, Жылқы жылында әйгілі Мұстафа Өзтүрік, режиссер Талғат Теменов, белгілі журналист Жұмабек Кенжалин, кезінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болған ақын Ұлықбек Есдәулет өмірге келген.

Бұл аталған жылдарда, сондай-ақ оған дейінгі, одан кейінгі Жылқы жылдарында өмірге келген тұлғалардың есімін ары қарай да тізе беруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *