Халық қоныстанамын дегенше асфальтты шөп баспай ма? Шымкент көркейіп те, кеңге қанат жайып та келеді. Көркейгенін қалада салынып жатқан зәулім ғиамараттар дәлелдесе, кеңге қанат жайғанын шаһардың шеткі аймақтарындағы адам қоныстана қоймаған жерлерге де асфальт жол төсеп, бос көшелерді самаладай жарқыратып қойғанынан байқауға болады. Мегаполис бүгінде солтүстік бағытқа қарай дамып, «Тұран», »Нұртас», «Шымсити», «Асар», «Бозарық» секілді […]
Метка: инфрақұрылым
ШАРДАРАДА АУҚЫМДЫ ШАРУАЛАР АТҚАРЫЛУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіп те өркендеп келеді. Шағалалы өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің барысы аудан әкімі Арман Қарсыбаевпен болған әңгімеде айтылды. – Арман Романұлы, бүгінде ауыл халқының жағдайын жақсарту басты бағыттардың бірі екені белгілі. Ауыл шаруашылығын өркендету жолындағы жетістіктеріңіз қандай? «Ауыл аманаты» бағдарламасы қалай орындалуда? – Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында биыл айтарлықтай шаруалар атқарылды. […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҒЫ ДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалды, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқамерзімді экономикалық өсім 124,1 пайызды құрады. Яғни бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада бірінші орынға ие болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі мынадай деректер келтіреді: Экономикалық өсімге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары көрсеткіштер айтарлықтай […]
Түркістан турист тартудан көшбасшы бестікке енді
2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда туристер ең көп демалған өңірлер белгілі болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып, «Kazinform» агенттігі хабарлады. «Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдын Қапашевтың айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда ішкі туристер ең көп барған өңірлер қатарында Шымкент қаласы мен Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. – Соңғы […]



