Мен Шымкент қаласының Қарабастау тұрғын алабында тұрамын. Біз күнде жұмысқа қатынайтын Қаратөбе жолы жақсы еді. Осыдан үш жылдай бұрын кәріз желісін жаңарту мақсатында жолдың шетін қазды. Уақытында басталған жұмыс ұзақ уақыт аяқталмай, тұрғындарды бір әбігерге салып еді. Не керек, құбыр жаңартылып, бұзылған жол жөнделді. Оған да шүкіршілік еттік. Бірақ сапа көңіл көншітпейді. Бір жөнделген жол […]
