Жуырда Мақтаарал ауданының орталығы — Мырзакент кентіндегі саябақта Алғабас мәдениет үйі өнерпаздарының «Ел іші — өнер кеніші» атты мерекелік концерті өтті. Көпшілікке арналған концертте аудан қарияларына жылы лебіздер білдіріліп, ол кісілердің жүріп өткен өнегелі жолы кейінгі жастарға үлгі болатыны айтылып, ән шашулары жолданды. Салтанатты жиын барысында құрметті қонақтарға сый көрсетіліп, марапат табысталды. Солардың бірі — […]
