Мәдениет және өнер

Отырар өңірінің қолөнер шеберлері

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорындағы этнографиялық заттарды іздеу үшін арнайы этнографиялық ғылыми-зерттеу экспедициялар ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ музей коллекциялары белгілі ғалымдардың, өлкетанушылардың, қолөнер шеберлерінің, жәдігер жанашырларының сыйға тартқан заттарымен де толыға түскен. «Отырар» музей-қорығының кез келген көрерменге тарихи кезеңдерді жәдігерлер арқылы көрсете алатын ерекше мүмкіншілігі бар. Мысалы, тоқыма өнері, […]

Мәдениет және өнер

Отырардан Алтын Орда дәуіріне тиесілі мешіттің орны табылды

Топырағын түртсең тарих болып сөйлейтін Отырар қаласы тағы бір көне жәдігермен таңқалдырып отыр. Дәлірек айтқанда, Отырар қаласынан Алтын Орда дәуіріне, XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырға тиесілі мешіттің орны табылды. Бұған дейін Отырарда XV, XVI және XVII ғасырлардың мешіттері табылған. Жаңа нысан солардың барлығынан ерте, яғни бүгінге дейін Отырардан анықталған ең көне мешіт болып […]

Мәдениет және өнер

Музейлік коммуникация: жәдігер мен қоғам арасындағы мәдени диалог

Әр халықтың тарихи жадын сақтайтын негізгі орын – музей. Ұлттық бірегейлік, тарихи сана мен мәдени құндылықтар осы кеңістікте жүйеленіп, ғылыми негізде таныстырылады. Әрбір жәдігер – белгілі бір дәуірдің тынысын, сол кезең адамдарының дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін үнсіз куәгер. Қыш ыдыс, қару-жарақ, зергерлік бұйым немесе қолжазба – барлығы да ақпарат сақтаушы мәдени мәтін іспетті. Қазақстандағы музейлер […]