Әлеумет

ЖЕЛДЕТКІШТІ ДЕ ЖӨНІМЕН ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ

Бүгінде Шымкенттегі жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктердің бәрінде дерлік желдеткіш бар. Күн аса ысып кетпесе де қосып қояды. Жұрт, әсіресе жастар жағы соған мәз. Меніңше, сол кондиционерлердің көп жолаушыға пайдасынан зияны көп сияқты. Күн ыстықта автобусқа отыра қалсаңыз біреуі «кондиционерді өшір» деп, біреуі «қос» деп өзара дауласып жатады. Өйткені, қоғамдық көлікті жасы да, кәрісі де пайдаланады. […]