Әлеумет

Ләңгі теуіп те табыс тауып жүр

   Жастар жылында жарыс көбейіп тұр Кеңестік империяның қылышынан қан тамып, ұлтымыздың төл ойындары мен дәстүрлеріне үрке қарайтын кезең де болды. Әсіресе өткен ғасырдың 70-80 жылдары ләңгі мен асық ойнаған балаларды мектеп жиынында ортаға шығарып, көпшіліктің алдында масқаралайтын. Бұл балалар үшін ең үлкен жаза болатын. Еліміздің Тәуелсіздік алуымен ұлттық ойындарға үрке қарау үрдісі де келмеске […]