Туберкулез – туберкулез таяқшасымен (Кох бацилласымен) шақырылатын жұқпалы ауру. Туберкулез көбінесе тыныс алу жолдарын зақымдайды, бірақ өкпеден тыс түрлері де кездеседі. Олар тері, лимфа түйіндері, сүйек, бүйрек, көз, кеудеқуысы мүшелері, орталық нерв жүйсі және тағыбасқа мүшелердің туберкулезі.
Туберкулезді ауру адамнан ауа-тамшы жолы арқылы (сөйлесу, түшкіру, жөтелу); туберкулез қоздырғышы бар түкірік пен сілекеймен ластанған заттармен қатынасу кезінде жұқтыруға болады, себебі Кох бацилласы сыртқы ортада белсенділілігін ұзақ уақытқа дейін сақтайалады. Сұйық қақырықта туберкулез таяқшасы кептірілген күйде болсада, әртүрлі заттарда, киімдерде, кітаптарда 5-6 айға дейін сақталады.
Туберкулезден қорғанудың негізгі жолы – оған қарсы егу болып табылады.
БЦЖ деген шеттілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette, яғни Кальмет-Геренбациласыдегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы егілетін тірі, вакцина, оның негізгі ерекшеліктері: мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату; аурудың ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен суйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады; балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етеді. Осының барлығының маңыздылығын ескере отырып, нәрестелер арасындағы БЦЖ екпесі неғұрлым ерте, екпеге қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда – перзентханаларда жасалады. Перзентханада қандай да бір себеппен егілмеген балалар, балалар емханасында егіледі. БЦЖ екпесімен егілген балалардың ағзасында алалардың көбінде иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады, сондықтан баланың 6 жасында (1сынып) БЦЖ екпесімен егуді қайта жасайды (Манту сынамасының теріс нәтижесінде).
Туберкулездің алдын-алу мақсатында Кальмет-Геренбацилласы вакцинасымен қайта егу:
Манту сынамасының теріс нәтижесінде дені сау егілмеген 6 жастағы (1сынып) балаларға республика бойынша бірмезетте оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) оқу орнында (мектепте) жасалады. Бұл айда мектептерде басқа екпелерді жасауға тиым салынады.
Манту сынамасының нәтижесі күдікті болған балаларға 3 айдан кейін қайта қойылады, қайталамасынама нәтижесі теріс болса, қайт егу жасалады (БЦЖ ревакцинациясы).
Созылмалы аурулармен ауыратын балалар, дені саубалаларға қарағанда екпені ерекше қажететеді, себебі ауру балаларда туберкулезді емдеу ауыр және ұзақ уақытты қажет етеді, ал егу процесі баланың ағзасы үшін жеңіл өтеді.
Қазіргі медицинаның дамыған заманында сапалы емдеу тәсілдері табылмаған ауруларға да вакциналар ойлапшығарылған. Екпе дамыған елдерде денсаулық сақтаудағы таза ауыз судан кейігі бірден бір маңызды мәселе болып табылады. Екпе ол аурушандылықты төмендету мен жұқпалы ауруларды алдын – алудың еңтиімді құралы. Қазіргі уақытта екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурулардың алдын алып отыр. Көптеген балалар екпенің арқасында қайғы-қасіреттен қорғалып отыр.
Қазақстанда екпемен иммундау – балалар арасындағы жұқпалы аурулардың деңгейін төмендететін еңтиімді әдістердің бірі болып табылады, бұл көптеген жылдардың тәжірибесімен дәләлденген және халықтың эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының деңгейінде тұр.
Құрметті ата-аналар!!!
Әр бір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар!!!
Г. Онласынова, Шымкент қаласы Қаратау ауданы СЭББ бас маманы.