Санитариялық қорғау аймағы (СҚА) –бұл өндірістік ластанулар көздерін тұрмыстық және қоғамдық орындардан тұрғындарды өндірістің зиянды факторлары әсерінен қорғау үшін қолданылатын кеңестікті айтады. Бұл аймақ көлемі 50м-ден 1000м-ге дейін өндірістің қауіпті класына , ластану зияндылығына және атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшеріне байланысты болады. Осы СҚА-ның сыртында үй орналасқан адамдар өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, кәсіпорынның экологиялық қауіпті әсерін не тоқтатуға не өзін кәсіпорын есебінен басқа жерге орын орын ауыстыруға талап етуге құқылы.
Санитарлық-қорғау аймағының мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында белгіленеді, оның көлемі гигиеналық нормативтермен бекітілген мағыналарға дейін, ал қауіптің I және II кластағы кәсіпорындары үшін гигиеналық нормативтермен белгіленген мағыналарға дейін,сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел мөлшеріне дейін де атмосфералық (химиялық,биологиялық,физикалық) ауаға ластану әсерін азайтуын қамтамасыз етеді. СҚА өз міндеттік мақсаты бойынша штат режимінде обьектіні пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін қорғау барьері болып табылады. Технологиялық процестері мен жабдықтары бар обьектілер , олардың жеке ғимараттары мен ғимараттары үшін, қуаттылығына эксплуатациялау жағдайына қоршаған ортаға бөлетін зиянды заттардың сипаты мен мөлшеріне байланысты шудың, вибрацияның және басқа зиянды физикалық факторлардың сонымен қатар адамның денсаулығы мен мекенжайының қолайсыз әсерін азайту шараларын ескере отырып,санитарлық қорғау зоналарының төмендегі өлшемдері белгіленеді:
- I-ші кластағы обьект-1000м;
- II-ші кластағы обьект-500м;
- III-ші кластағы обьект-300м;
- IV-ші кластағы обьект-100м;
- V-ші кластағы обьект-50м;
I-ші, II-ші және III-ші кластағы обьектілердің санитарлық-қорғау зонасының минималды өлшемдерінен асқан обьектілерді (қоршаған ортаға әсер ететін зиянды өндірістік факторларды ескере отырып) селитебті территорияға орналастыруға болмайды.
Г.Шонжанова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-гигиеналық бөлімінің бас маманы.