Оқшау ой

Елді соңынан ерте алмайтындар…


не істеп жүр?!

Заман азды дейін десең сол баяғыша таң атып,к еш батып жатқан заман. Заманды аздырып отырған адамдар екеніне күн өткен сайын көзің жете бастайды екен. Қалай дейсіз бе? Айтайық…

Байдан-байға тиіп, 3-4 баласын әр күйеуден туып, тегі әрқилы ұл-қызының тәрбиесін маңдытпаған кей әйелдер осы күні зиялы қауым өкілі ретінде төрден орын алып, тіпті әжелер алқасын, әйелдер кеңесін басқарып, елдің келін-кепшігіне, әже, енелерге ақыл айтатын күнге жеттік.

Ол аз десеңіз, жақында елден келген бір ағайыным «не дейсің, біздің ауылда баласы педафильдік қылмысы үшін 20 жылға сотталған азаматты мектеп директоры етіп тағайындады» дейді. Сұмдық қой мынау?! Өз үйінің берекесін келтіре алмаған, тірлігін ұйыстыра алмағандар елді тәрбиелемек пе? Қалай?

Баласы сотты болып, мемлекеттің қаншама қаражатын жымқырған шенеунік ретінде жарты әлемге жария болса да баз біреулер облыс әкімінің жанынан табылып, биік мінберлерден көсемсіп сөз сөйлейді.

Жабыла кеп, сыпыра жамандайтын кеңестік жүйеде мұндай тірлік болмайтын. Ұл-қызына жөнді тәрбие бере алмғанадардың қызметі өспек түгілі ауылдың, елдің бетіне қарай алмай басқа жаққа, аулағырақ өлкеге көшіп кететін. Ұяты бар еді. Қазіргілер «не бопты? Балам сондай екен деп өлеміз бе?! Менің қатысым қанша оған?» деп сазарып жүре береді екен.

Оу, өз балаңды түзей алмай жатып елдің баласын қалай түзейді олар?! Осыдан кейін олардың соңынан кім ереді? Олар айтқан ақыл ақыл-ақ болса да кім тындайды?!

Елдегі көп тірліктің қиюы кетіп жатқаны осыдан. Ел ондайлардың соңынан ергісі келмейді. Бетіне айтпаса да ішінен «өзіңді жөндеп алшы» деп отыра береді. Ал мұндай көзқараспен ел дамушы ма еді? Қоғам алға қалай жылжиды? Дамымай отырғанымыз да содан ғой деймін…

Ал, бұған мән беріп жатқан билік жоқ. Беті жылтыр, сөзі жылмаң, өзіне ыңғалй адам болса болды деген талаппен сондайларды қоғамдық істерге белсене араластырып, елдің тәрбиесіне ұстын етіп, көптің алдында сөз бастар дана етіп көрсетіп әуре.

Жамал Мұсабаев

Жетісай қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *