Қоғам Шымкент

Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында өскелең ұрпақ тәрбиесі жайлы көптің көкейіндегі толғанысты ойды ортаға салды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға бағыт-бағдар беру, жол нұсқап, еліміздің мақтаныш етер тұлғасы болуға негіз қалау — қоғам белсенділерінің, аға буын ұрпақтың негізгі міндеті болуға тиіс-ті.

Жақында Шымкентте болған Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева дәл осы тақырыптар аясында мегаполистегі этномәдени бірлестіктердің басшыларымен, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті. Алқалы жиында жұртшылықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Еркін форматтағы кездесуде қоғамдық мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Аида Балаевамен өткен кездесуде Шымкент жұртшылығының белсенді өкілдері Мемлекет басшысының Құрылтайда айтқан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын, соның негізінде нақты жобаларды қолға алып, оны іске асыруға белсене араласатындарын айтты.

– Президент бастамаларын іске асыруда қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, құндылықтар мен рухани бағдарларды сақтау, бекіту басты назарда. Алдағы міндеттер саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар пакетін іске асыру қоғамдық күн тәртібін, халықтың сұраныстарын елеулі түрде түзететіні анық. Қоғамдық институттардың белсенділігі мен қызметіне үлкен үміт артылады. Президенттің еліміздің табысты дамуын әрбір қазақстандық отбасының әл — ауқатымен байланыстырғаны да кездейсоқ емес, — деді Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева.

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптың бірі – балалар мен әйелдерге қатысты болып тұр. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тым жиілеп кетуі алаңдаушылық тудыруда. Осы бір келеңсіз жағдайды болдырмаудың, оның  алдын алу бағытындағы шараларды күшейту мәселелері де кездесуде кеңінен айтылды.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *