Қоғам

Өндірістік нысандардағы кәсіби аурулар

Өндірістегі ауыр жұмыстарды механизациялау мен автоматизациялау өнімділікті жоғарылатып, жұмысшы қолын жеңілдетумен қатар қауіпсіздендіреді.

        Алайда, өндірістегі әр бір мамандық иесі жұмыс орнында атқарылу қызметіне қарай жұмыс орнының  зиянды және қауіпті әсерлерімен ұштасады. Қауіпті факторлар ағзаның жедел бұзылуына, өліміне әкеліп соқтырса, зиянды факторлар – жұмысшының жұмыс істеу қабілеттілігіне теріс әсерін тигізіп, кәсіби аурудың пайда болуына тікелей әсер етеді. Бұл зиянды және қауіпті әсерлер қысқаша төмендегідей түрлерге бөлінеді:

    1.Өндірістік физикалық факторлар.

— жоғарғы төменгі температура, жоғарғы ылғалдылық, жұмыс орнының ауа алмасуы; инфрақызыл, ультрокүлгін, лазерлік, ионизациялық сәулелерінің,ЭМӨ жоғары деңгейі; жұмыс орнының жоғарғы деңгейді түрлі шаңдар мен газдармен ластануы; шу, діріл, ультро, инфро дыбыс деңгейінің жоғары болуы; жарықтың жеткіліксіздігі; жоғары және төменгі атмосфералық қысым.

      2. Өндірістік химиялық  факторлар.

— газдар, парлар, түрлі сұйықтар, аэрозольдар;

   3. Өндірістік биологиялық  факторлар.

— микро, макро организмдер, жұқпалы, инвазиялық аурулар;

   4. Өндірістік жарақаттану факторлары.

— химиялық препараттардың, қозғалатын машиналар мен механизмдердің, жоғарғы, төменгі температуралар, электр жүйелерінің әсерінен болатын жарақаттар. Өйткені, жұмыс орнының зертханалық нәтижелері өндірістердегі технологиялық құралдардың ескіріп, шу деңгейінің жоғары болып, құралдардың герметивтігі төмендеп жұмыс ортасының  ауасында зиянды қалдықтардың тіркелінуіне, мұнымен қоса ауа алмастыру қондырғыларының нәтижесіз жұмыс істегенінің тікелей дәлелі болуда. Сондықтан өндірістегі кәсіби аурулардың алдын-алу үшін, әлі де болса өндірістік нысандарда кәсіби аурулардың алдын алу үшін төмендегі бірқатар шараларды орындау қажет, атап айтқанда: технологиялық құралдарды герметизациялауды жандандырып, бақылауды күшейту; өндірістік жұмыс орнындағы аспирациялық, вентиляциялық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін зертханалық зерттеулер жүргізе отырып бақылау жасау; шу деңгейі жоғары болған технологиялық қондырғыларға тексеру жүргізіп, шу әсер ететін жұмыс орнының жанынан ұдайы үзіліс жасау үшін бөлме қарастыру; жұмыс орнының ауасына және физикалық факторлар деңгейіне өзіндік зертханалық бақылау жүргізу; жұмысшылардың өндіріс саласына сай берілген жеке сақтану құралдары мен арнайы киімдерді жұмыс кезеңінде пайдалануын талап етіп, бақылау жүргізу; темекі шегудің адам ағзасына зияндығы жөнініде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

      Кәсіби аурулардың алдын — алу   әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері үшін  басты проблема болып табылады. Аппатардың арақатынасын зерттеу үлкен апат  немесе жарақат алудың нақты ықтималдығын болжай алады.  Кәсіби  аурулардың  қоғамға  әсерін, демек, осы  қауіптерді  сақтандыратын әлеуметтік қауіпсіздік  жүйесінің   өміршеңдігін  болжау  қиын.

Кәсіби ауруды неғұрлым тезірек анықтауға  және жоюға болатын болса, емдеу және жұмысқа қайта интеграциялану мүмкіндігі соғұрлым жоғары  болады.   

 
Г. Керимбаева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы СЭББасқармасының  жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *