Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені. ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығында көрсетілген өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілер тізбесі өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) объектілерінежатады.
Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық құжаттары (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарының сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруарқылы өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды өндірістік зертханалар базасында немесе Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырылады.
Объектілерде ұйымдастырылатын өндірістік бақылауға, оның бағдарламасына, зертханалық-аспаптық зерттеу түрлерімен сынақтарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларында белгіленген, олар:
- өнеркәсіптік және радиациялық гигиена объектілер (өндірістік және (немесе) радиациялық объектілер);
- тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілері;
- коммуналдық гигиена объектілері;
-амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар және т.б.; - дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды өндіру және (немесе) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметтерді көрсету объектілері;
- балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернат ұйымдары, сауықтыру объектілері;
- химиялық заттарды, агрохимикаттарды және пестицидтерді сақтау және пайдалану жөніндегі объектілер;
- жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көлік құралдарына (теміржол, әуе).
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің 51 бабына сәйкес «Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауға жататын объектілерде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжатпен ресімдейді, ендіреді және жұмыс істейтін жағдайда ұстайды. Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның басшысына жүктеледі. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылылығын, толықтығын және анықтығын қамтамасыз ету дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тағайындайтын адамдарға жүктеледі».
Объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Басқарма) жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне осы Санитариялық қағидаларға белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Кәсіпкерлік кодекстің 144-1,144-2-баптарына сәйкес Басқармаға өндірістік бақылау жүргізу туралы есептік деректер ұсынылмаған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін негіз болып табылады. Оның нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайдабақылау мен қадағалау субъектілеріне әкімшілік іс жүргізуді қозғамай оларды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады.
Н.Сарсенбаев
Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы м.а