Uncategorized

Дәмді балмұздақ жегіңіз келсе…


Ү
лкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қызметі қыза түсті. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып-ақ тұрамыз.

Дегенмен, құйылмалы балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, уланып қалуыңыз әбден мүмкін.

Құйылмалы балмұздақ фризерден   шыға салып дайын болады. Оның консистенциясы  нәзік,  крем тәрізді. Осындай  жұмсақ және дәмділігіне байланысты бұл балмұздақ мұздатылған балмұздаққа қарағанда жоғары  сұранысқа ие. 

Жұмсақ балмұздақ тамақтану және сауда орындарында арнайы құрғақ қоспалардан жасалады.Өнімді дайындау үшін,  бір және екі целиндрлі арнайы конструкциялы фризерлер қолданылады. Құйылмалы балмұздақты дайындауға және сатуға қойылатын санитариялық талаптар мынадай:

  • Балмұздақты жасауға қажетті құрғақ қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған ауыз суын пайдалану қажет;
  • Қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды, сондықтан балмұздақ алдын ала дайындалмай, сатылар алдында дайындалу қажет;
  • Дайындау барысында шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді;
  • Нысанның қызметінің басталуы туралы хабарламаның болуы тиіс;
  • Нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайдың болуы тиіс;
  • Қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және жұмыс орнында медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшалары болуы тиіс;
  • Жұмсақ балмұздақты тек дайындалған орында ғана сатуға жол беріледі;
  • Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы қажет;

         Маңызды!

         Жұмсақ балмұздақты тұтынғаннан кейін Сіздің денсаулығыңыз нашарлап, улану белгілері (асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, т.б.) пайда болған жағдайда, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз!


Д. Алиасқар, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *